Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

Семей ядролық полигонына 65 жыл

     Биыл 2014 жылдың 29 – тамызында еліміздің ядролық сынақ алаңына айналғанына 65 жыл. Осы тарихи оқиғаға орай №69 мектеп-гимназиясында 2014 жылдың 22 қаңтарында тарих пәні мұғалімдері жоғарғы сынып оқушыларына арналған кездесу кешін өткізді.
    Қазақ тарихындағы қасіретті кезеңге арналған кездесуге Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары тарих ғылымдарының кандидаты, Еуразиялық зерттеу институтының доценті Каленова Теңгеш Серікбаевна және тарих ғылымдарының кандидаты, тарих академиясының академигі Жаркенова Айгүл Маликовна қатысып, оқушыларға Семей полигонында жүргізілген сынақтар туралы, оның зардаптары, Семей полигонының жабылуы жолындағы «Невада-Семей» қозғалысының қызметі жайлы айтып берді. Теңгеш Серікбайқызы өзі Семей өңірінің тумасы ретінде, өзі куә болған оқиғалардан сыр шертіп, Семей полигонында жасалған сынақтардың қарапайым халыққа әкелген қасіреті жайлы сыр шертті. Айгүл Маликовна Қазақстан Республикасының ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы – Халықаралық аренада бейбітшілік сүйгіш мемлекет ретінде беделін арттырғанын атап өтті. Тарих пәнінің мұғалімі Айжан Шермұханқызы Семей антиядролық қозғалысының әнұранына айналған Төлеген Мұхамеджановтың «Замана-ай» әнінің жазылу тарихы туралы сыр шертіп, кездесу кешін жандандырды. Оқушылар қонақтарға сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды. Кездесу кеші барлық оқушылар мен ұстаздардың көңілінен шығып, алдағы уақытта да ғалымдармен осындай кездесулер болып тұруына ұстаздар мен оқушылар бір ауыздан келісім жасады.

               

29.01

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1