«Тіл – халықтың мәдениеті мен қуаты» атты тілдер мерекесіне арналған онкүндік
12.09 - 22.09.2014 аралығында «Тіл – халықтың мәдениеті мен қуаты» атты тілдер мерекесіне арналған онкүндік өтті.
2014 жылдың қыркүйек айының 20 күні қаламыздағы №69 мектеп-гимназиясында 7 «А», «Б» сыныптарының қатысуымен «Тыйым сөздер еріккеннің ермегі ме?» деген тақырыпта ойталқы сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абилкасимова К.М. өткізді. Деңгейлік оқуды оқып келген мұғалім «Ойланудың алты қалпағы» әдісін тиімді қолдана білді. Оқушалар өздерінің білімдерін ортаға салып, тыйым сөздердің тәрбиелік мәнінің зор екендігіне көз жеткізді.