Тәуелсіздікке ұмтылыс
Астана қаласы Білім басқармасы, «Нұр Отан» партиясы, «Жас Отан» Жастар қанаты, «Мемлекеттік тілді дамыту» президенттік қоры, «Алдаспан» батырлар қорының ұйымдастыруымен Есіл ауданындағы мектептері арасында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздікті нығайтуға бәріміз жұмылайық!» атты танымдық кеш өтті.Кешке № 24, 45, 59, 69, 71, 75, 76, 78 мектептің оқушылары қатысты. Аудандық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша: Ә.Мырзахметова (№69 МГ), Т.Ибраева (№69мектеп-гимназиясы), Б. Бөрібай (№24 орта мектеп), А.Алтынбек (№45 орта мектеп), Б.Жақсылық (№59 мектеп-лицей), Ә.Амантаева (№66 мектеп-лицей), Қ. Кемелбек (№71 мектеп-лицей), Ж.Болатхан (№75 мектеп-гимназия) қалалық турға жолдама алды. 06.12