Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

Үздік жас маман-2019

«Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің  болашағын  қалап  жатқан  маман. Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы оларды іскерлікке, өз кәсібіне жауапкершілікпен қарауға баулу мақсатында мектебімізде «Үздік жас маман-2019»  сайысы өтті.  Еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен ұстаздары сайысқа бар ынтасымен, жоғары дайындықпен келген. Жас мамандар төмендегідей төрт бағытта бақ сынасты:

  1. Таныстыру (шығармашылық деңгейі жоғары болуы тиіс);
  2. «Менің педагогикалық зертханам» (Мини зерттеу жұмысы);
  3. Педагогикалық сұрақ-жауап;
  4. Ситуациялық сұрақ-жауап

«Баталы жан арымас...» дегендей  мектеп-гимназия директоры Кусни Қияшқызы құттықтап, алдағы ұстаздық жолда аянбай, ерінбей еңбек етіп, жас ұрпақтың тағдыры олардың қолында екендігін баса айтты. Бас жүлде-Жақсылық Жұлдызай Жұмабергенқызы-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. 
1-орын: Базарбай Жанболат-физика пәні мұғалімі. 
2-орын:Кәдірбай Парида -ағылшын тілі пәні мұғалімі.
3-орын:Каримсакова Меруерт- бастауыш сынып мұғалімі.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған ұстаздар қауымына шығармашылық табыстар тілейміз.

11.02

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1