«Зиянды әдеттер- насыбай, темекі» тақырыбында дәріс
2019-2020 оқу жылғы 26 ақпан күні жоспарға сәйкес, №69 мектеп-гимназиясының 9,10,11 сынып оқушылары арасында әлеуметтік ұстаз Б.Б.Қуанышбекова және мектеп инспекторы А.А.Досымбеков «Зиянды әдеттер- насыбай, темекі» тақырыбында дәріс өткізді.
Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың денсаулығы мықты, интеллектуалды, дүниетанымы терең білімі сапалы, адамгершілігі мол, бойын «зиянды әдеттерден» аулақ ұстайтын, саналы ұрпақ болып өсуіне ықпал жасау.
Қатысушыларға зиянды әдеттер: шылымның, алкогольдің, есірткінің адам ағзасына зияны, олардың әсерінен қандай аурулар туындайтыны, алдын алу жолдары туралы ақпараттар берді. Оқушыларға бейнежазбалар көрсетіліп, өздеріне қажет сұрақтарына жауап алып, белсенді қатысып өз ойларын ашық жеткізді.26.02