«Жасыл мектеп»
Бүгінгі таңда Астана қаласы әкімдігінің «Кемел Акышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында» Болат Өтемұратов Қоры жүзеге асырып жатқан «Жасыл мектеп» жобасының эко білім беруді және табиғатқа жанашырлық танытуды дамытуға бағытталған жылыжайы жұмыс жасауда. Мектеп оқушыларымен бірге 19 қаңтардан бастап атсалысып келеді. 19-қаңтар күні жылыжайға алғаш тұқым себу жұмыстары жүргізілген болатын.
Бұл жобаның болашақ ұрпақты еңбекқор әрі экологиялық сауатты етіп тәрбиелеуде әлеуметтік және экологиялық маңызды екенін атап өткен жөн. «Жасыл мектеп» жобасы жыл бойы жұмыс істейтін жоба.
«Жасыл мектеп » жобасында практикалық жұмыстарды оқушыларымыз мектебіміздің оқу тәжірибе үлескісінде білімдерін тәжірибемен ұштастырады. Жылыжайда тәжірибелік мақсатта шалқан, сәбіз, қызылша, қияр, қызанақ, ақжелкем, асжапырағы, салат жапырақтары өсіріле бастады.
Әр бала өсімдіктің қалай өсетінін, оған қандай күтім керек екенін көріп, біледі. Сондықтан бұл келешекте пайдасын тигізетін білім болары анық.
Бұл жоба бойынша түрлі лекциялар мен семинарлар өткізіледі. Әр айда Алматы қаласынан бас агроном Павел Михайлович келіп, бізге дәрістер оқып және тәжірибелік бөлімдерді көрсетеді. Сондай-ақ түрлі мектептердің жылыжайларымен тәжірибелік танысулар өткізіледі. Мектеп жанындағы жылыжайға биология, жаратылыстану, география сабақтарында танымдық мақсатта оқушылармен экскурсиялар жасалды. 7 сынып оқушыларымен Жанпеисова Д.Ж бастауымен ғылыми жоба яғни зерттеу жұмысы жүргізілуде.
Марат А. оқушыларға бірнеше практикалық сабақтар өткізді. Жылыжайдың ауа температурасы, әр өсімдіктің өсу жағдайы үнемі бақылануда. Өсімдіктер өскеннен бастап, патогендік микроорганизмдермен күресу мақсатында фитоспорин препаратымен әр 10 күн де себу арқылы осы күнге дейін өсімдіктерді сақтап келеміз. Зиянкестерден сақтану мақсатында 1 рет биологиялық дезинфекция жасалды. Жалпы айтқанда, жылыжайдың мектеп оқушылары үшін танымдық, экологиялық, биологиялық тәрбиесі зор екенін әр оқушының қызықтаған белсенділігінен байқауға болады.