«Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктанты
2023 жылдың 4 мамыр күні Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Мамыр мерекелері мен Жеңіс Күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктант жазу ұйымдастырылды. Диктант жазуға мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Патриоттық диктант жазу отан сүйгіштікке тәрбиелеудің элементтерінің бірі және әрбір азаматтың өзіне пайдалы, болашағына қажет болатынына сеніміміз мол.