18.09.2024-20.09.2024 күндері аралығында өткізілген ата-аналар жиналысы
«Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында» 18.09.2024-20.09.2024 күндері аралығында «Біртұтас тәрбие-ұлттық , адами құндылық негізі » тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа жалпы 3 күн ішінде 485 ата-ана қатысты. Жиналыста оқу жылының мақсаты, міндеттері, оқушылардың қауіпсіздігі және жалпы қауіпсіздік, жолда жүру қауіпсіздігі, мектеп формасы және ата-аналарды мектептің Ішкі тәртіп ережесімен таныстыру мәселелері қарастырылды.