Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

Ұлыстың ұлы күні – Әз - наурыз

Биылғы «Ұлыстың ұлы күні - Әз – наурыз» мерекесі ерекше тойланды. Үркер шағын ауданындағы Наурыз мерекесінің ерекше өтуіне №69 мектеп – гимназия оқушылары мен мұғалімдері ұйытқы болды. «Нұрсәуле» бала-бақшасы да концерттік бағдарламаларға ат салысты. Наурыз думан мерекесі әкімшілік өкілінің құттықтау сөзімен, ауыл ақсақалдарының ақ батасымен басталып, ұлттық салт-дәстүр негізінде қойылған көріністерге ұласып, асқақтаған әндер шырқалды. Шуақты да шұғылалы көктем мерекесінде ақбоз үйлер тігіліп, халыққа наурыз көже таратылды, қалың бұқара мен бозбалалар арасында күрес, гир көтеру, арқан тартыс т.б спорттық жарыстар ұйымдастырылып жеңімпаздар марапатталды. Осы жылғы жаңа жыл мерекесі ел есінде қалатындай жоғары дәрежеде аталып өтті. 

                                       
02.04

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1