Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

Қазақстан – мейірімділік мекені

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша 2019 жылғы қаңтар-мамыр аралығында «Қазақстан-мейірімділік мекені» («Казахстан–территория доброты») республикалық балалар бастамасы,  №71 бұйрық негізінде мектеп-гимназияда іс-шара жоспары жасақталып, төмендегі жұмыстар  жүргізілді.

 Мақсаты – қоғамға риясыз қызмет көрсету идеясын тарату және насихаттауға қоғамның назарын аудару, балалардың көмекке мұқтаж адамдар мен табиғатқа деген қамқорлық қарым-қатынас, қоршаған орта үшін жақсы, игі жұмыстар жасау бағытындағы іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету болатын.

Жоспар бойынша қаңтар айында 1-11 сыныптар арасында «Мейірімділік әлемі!» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Шара барысында оқушыларға қоршаған айналаға мейірімділік танытуға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету туралы түсінік әңгіме жүргізілді.  Жалпы 2400-ден аса оқушы қатыстырылған

Ақпан айының 1-і күні 5-7сынып оқушылары арасында "Жылы жүрек-жақсы тілек" атты сайыс ұйымдастырылды. Бұл сайыстың ерекшелігі- оқушылар мектеп қызметкерлеріне арнап жылы тілектерін білдірді. Мектеп қызметкерлеріне оқушы тілегін айтып болған соң, аты-жөнін жазып, қолын қойғызып алды. Бұл сайыста жеңіске жеткен оқушылар да аз болмады. 5сыныптар бойынша 5 "г" сынып оқушысы Жұмат Сержан 109адамға тілек айтса, 5 "ғ" сынып оқушысы Шугаева Диляра 101адамға тілек айтыпты. Бұл сайысқа жалпы 200-ден аса оқушы қатыстырылған. 

5-10 сыныптар аралығында «Мейірімділік асыл қасиет!» тақырыбына қабырға газеттері шығарылды. Бұл іс – шаралар оқушылардың «мейірімділік,сыйластық»құндылықтарын кеңейту негізінде өткізілді. 37 сынып қатыстырылды.





11.03

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1