
Дельфийлік ойындар жетістіктері
Көне Элла заманынан бастау алған Дельфийлік ойындары арқылы әлемдік мәдениетпен еліміздің байланыста болуы, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қолдауының арқасында жыл сайын өткізу дәстүрге айналды.
2014 жылы 14-15 ақпан аралығында өткен «Шаттық» VІІІ қалалық байқауы өнерге құштар таланттты жеткіншектер арқылы еліміздің мәдени құндылықтарын сақтау аясында өткен сайыс болды.
Мектебіміздің дарынды оқушылары 9 номинация бойынша 7 жанрға қатысты. Биылғы жылы оқушыларымыздың орындаушылық шеберлігі өскенінің куәсі болдық. Топ жарып, 2 алтын, 1 қола медаль мен 5 дипломант атанған жеңімпаздарымызбен олардың жетекшілерін құттықтаймыз!
«Өнер алды - қызыл тіл» деп бекер айтпаған. «Шебер қалам» номинациясы бойынша сөз өнерін меңгеріп үздік деп танылған Әлбоcын Таңнұр «Алтын медаль» иеленді. Жетекшісі: Малжанбай Азамат.
Вокал жанры бойынша былтырғы Республикалық Абай оқуларының І дәрежелі диплом иегері, «Халық әні» номинациясы бойынша топ жарған Аманбек Фариза «Алтын медаль» алды. Жетекшісі: Жолдибеков Т.С.
«Фотосурет» номинациясы бойынша қоршаған ортаның сан-алуан түстері мен сұлулығын танып өз шеберлігін көрсете алғаны үшін 9 «А» сынып оқушысы Мукушев Ақниет қола медальға ие болды. Жетекшісі: Исаканов Н.
«Шаттық» табысты болып, біздің оқушыларымыз 5 номинация бойынша дипломант атанды:
- Вокал жанры бойынша, эстрада әндерін нақышына келтіріп орындай алған 5 «А» сынып оқушысы Сабиғат Ақжол. Жетекшісі: Қалиев Е.К.
- Хор арқылы өздерінің әнге деген құштарлығын көрсету үшін тынымсыз еңбектенген 6 сыныптардың оқушылары. Жетекшісі: Тәжімбетов А.Ә.
- «Жүрегіммен театрға» номинациясы бойынша өздерінің өнерін тамаша көрсете алған драма үйірмесінің оқушылары «Емен Ұзақ жасайтын ағаш» /Авторы Ештанаев Г.Е./ қойылымын сахналады. Жетекшісі: Жолдибеков Т.С.
- «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша Айтжанова Әлия «Автопортреті» Дипломант атанды. Жетекшісі: Науанов Н.Т.
- «Хореография» жанры бойынша, мектептің «Мирас» би тобы биік нәтижеге жету үшін көп еңбектенді. Дипломант аталған би тобының жетер асуы әлі де болса алда деп ойлаймыз! Жетекшісі: Жүсіпов Е.Ж.
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының мәдениет министрлігі