
Бүгін менің туған күнім ...
Астана қаласы мектептері арасында қазақ поэзиясының саңлағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған «Бүгін менің туған күнім ...» атты оқулар өтті.
«Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» айдарында өзінің ақынға арналған көркем жырын мәнеріне жеткізе оқыған 8 сынып оқушысы Теміртасов Абзал – ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Мұғалімі: Азамат Мәлжанбай.
«Әнді сүйсең менше сүй» айдарында М. Мақатаев өлеңіне жазылған әндерді нақышына келтіре орындаған 8 сынып оқушысы Ыбырайова Камила ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Мұғалімі: Жолдыбаев Тәуір.
«Менің пірім - Мұқағали» айдарында ақын өлеңін шығармашылықпен сахналаған, әртістік шеберлігі үшін 9 сынып оқушысы Құрманали Жазира ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Мұғалімі: Жексенбина Арай Балтабайқызы.
«Ғылымды іздеп, дүниені көздеп» номинациясы бойынша Мұқағали шығармашылығына зерттеу жасаған 9 сынып оқушысы Ибраева Толғанай, жобаның ғылыми құндылығы мен өзектілігі үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Мұғалімі: Жексенбина Арай Балтабайқызы.
«Менің пірім - Мұқағали» айдарында ақын өлеңін шығармашылықпен сахналаған, әртістік шеберліктері үшін «Жас дарын» оқушылар тобы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Мұғалімдері: А. Мәлжанбай, Т. Жолдыбеков.