
Отбасы - алтын діңгек
№69 мектеп-гимназиясында наурыз айының 18 жұлдызында Халық педагогикасын оқу-тәрбие барысында қолдануды жүзеге асыру, ата-ана, оқушы, ұстаз ұжымын ынтымақтастыру мақсатында «Отбасы – алтын діңгек» байқауы болып өтті. Байқауға 3 сыныптың оқушылары мен ата-аналары қатысты. Байқау 6 кезеңнен тұрды:
І. Отбасы шежіресі
ІІ. Мақал-мәтелдердің маңызы
ІІІ. Өнерлі өрге жүзер
ІV. Эрудиттер байқауы
V. Салт - дәстүрден үзінді
"Ұлыстың ұлы күні-Наурыз" мерекесіне орай ұлттық тағамдар, зергерлік бұйымдар мен ұлттық киімдер, ұлттық ойындар, әндер ұйымдастырылды. Байқауға қатысқан ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, кейінгі ұрпаққа тигізетін тәлім-тәрбиесі мол ұлттық дәстүр екенін айтты. Байқау өте мағыналы да әсерлі болды.