
Қалалық сенбілік
2014 жылы 19 сәуір күні мектеп мұғалімдері мен оқушылары жалпы қалалық сенбілікке шықты. Сенбілік 7 сәуір мен 7 мамыр аралағында айлық аясында өткізілді. Сенбілікке 100 мектеп мұғалімдері мен қызметкерлер, 1229 оқушы шықты. Көтеріңкі көңіл – күймен шыққан сенбілікке қатысушылар, мектеп маңына ағаштар отырғызып, жерді қопсытып тазалық жұмысн жүргізді.
Сенбілікке қатысқан әрбір оқушы өзіне тапсырылған аймақта зор жауапкершілікпен жұмыс істеді.
Сенбіліктің мақсаты оқушылар назарын көшелердің тазалығын сақтауға үйрету, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.