Қалалық семинар
23 сәуір, 2014 жыл. «Биоинформатика және синергетика» («БжС») жобасын енгізу және іске асыру бойынша қала мектептеріне арналған жоспарлы семинар өтті. Семинарға 57-і мектеп директорлары мен директордың оқу-тәрбие орынбасарлары, 221 мұғалім, БАҚ-ның журналистері қатысты.
Жоба негізіне оқыту сапасын басқарудың «Биоинформатика және синергетика» («БжС») технологиясы енді. Бұл жобаның авторы – педагогика ғылымдарының докторы, «Сапа мен білім» қоғамдық қорының президенті, Н.Назарбаев атындағы білім қорының ғылыми кеңесшісі Вассерман Ф.Я. болып табылады. «БжС» технологиясы 1999 жылдан бастау алады. Автор аталмыш тақырыпта Ы. Алтынсарин атындағы ҰҒА-да диссертация қорғап, жалпы білім беретін мектептердегі оқушыларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту сапасын арттырудағы жоғары көрсеткіштер мен нақты ғылыми дәлелдерге ие болған. Бұл технологияны қолдану оқыту сапасын екі есе, оқушылардың даму сапасын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді. Ең алдымен, технология оқушыларды алдын-ала іріктеусіз, жалпы білім беретін көпшілік мектепте нақты нәтижеге қол жеткізеді. Ф.Я. Вассерман әзірлеген «БжС» оқыту сапасын басқару технологиясы синергетика және биоинформатика заңдарына негізделген. Автордың пікірінше, технологияның негізгі ерекшеліктер: - оқыту сапасын басқарудың жаңа жүйесі; - оқушылардың өзін-өзі басқаруының құрылымы.