Меню KDT
МЕНЮ
Әлеуметтік-психологиялық бөлім

«Баланы жан – жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан – жақты білу керек»
деген белгілі педагог К.Д.Ушинскийдің пікірі педагогикалық іс - әрекеттің психологиялық қызметпен тығыз қарым – қатынаста болу керектігін дәлелдегендей. Сондықтан да бүгінгі күн талабына сай мектептегі жұмыс бағыттарының бірі психологиялық қызмет болып табылады. Психология ол адам жанын зерттейтін ғылым.

Мектептегі психологиялық қызмет жұмысының тиімділігі – балалар мен жасөспірімдердің психикалық және психологиялық тұрғыда толыққанды жеке адам болып қалыптасуына, олардың қабілеттік деңгейлерін, бейімділігін, шығармашылығын, таным үрдістерінің даму деңгейін, жас ерекшеліктеріне байланысты даму кезеңдеріндегі кездесетін қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік беріп, қоршаған ортадағы адамдармен дұрыс қарым- қатынас жасауға бағыттап, баланың мүмкіндіктеріне жол аша алады және мұғалім қолына жеке тұлғаның мүмкіндігі туралы құнды деректер береді.


Мақсаты:

Біріңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезінде қажетті оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өндеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын, сенімділігін арттыру.


Әдістер:

Ойын әдістері, жаттығулар, топтық пікірталас


Міндеттері:

1. Стреске қарсы тұруын арттыру;

2. Сенімділік мінез-құлық дағдысын арттыру;

3. Эмоциялық еркі сферасын арттыру;

4. Эмпатия сезімін дамыту, өзіне көңіл бөлу және айналадағыларға сенім білдіру;

5. Ішкі резервтерін тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту.

ҰБТ тапсыру кезінде негізгі қиындықтар бітірушілердің емтихан жағдаятын қабылдау ерекшелігіне, өзін-өзі бақылаудың жеткіліксіз дамуына және стреске қарсы тұруының төмендігі мен өзін-өзі реттеудің жеткіліксіздігіне байланысты. Бұл қиындықтарды жеңу үшін:

1. Бітірушілерді ҰБТ-ның ерекшеліктерімен, жүргізілу барысымен таныстыру;

2. Стреске қарсы тұру мүмкіндігін жоғарлату;
а/ стресс жағдайында үрейді жеңудің негізгі әдістерімен таныстыру;

ә/ өз-өзіне сенімділіні арттыру;
б/ ішкі резерв мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін-өзі бақылауды дамыту қажет.
Осы мақсатқа жету үшін бітірушілерге біз ұсынған бағдарламаның көмегімен ҰБТ-ға психологиялық дайындығын қалыптастыруға болады.

Бағдарламаны жасау кезінде келесі сәттерге ерекше назар аударылды:

-бітірушілерге ҰБТ жайлы эмоция мен сезіміне байланысты ақпараттың таралуы

-әр тұлғамен ерекше қарым-қатынас орнату, әр топ қатысушыларының психологиялық қауіпсіздігін қамту.
Бағдарлама 11-сынып оқушыларына арналып жасалған, әр топ 11-12 адамнан болуы тиіс. Бағдарламадағы әдістердің көпшілігі-психологиялық ойындар, жаттығулар, әдістемелер. Сабақтың барысы сергіту жаттығуларынан басталады. Жаттығулардың мақсаты-топтың күш-қуатын арттыру.


Емтихан кезіндегі стрестен қалай арылуға болады Қарап шығу Көшіріп алу
Соңғы өзгеріс: 07.03.2023 Файл өлшемі: 237.50 KB

Біз команда Қарап шығу Көшіріп алу
Соңғы өзгеріс: 07.03.2023 Файл өлшемі: 37.50 KB

Жүйке жүйесіне түсетін күштен психологиялық арылу әдісі Қарап шығу Көшіріп алу
Соңғы өзгеріс: 07.03.2023 Файл өлшемі: 30.00 KB

Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар Қарап шығу Көшіріп алу
Соңғы өзгеріс: 07.03.2023 Файл өлшемі: 31.00 KB

Өзіңе сенімділік неден құралады Қарап шығу Көшіріп алу
Соңғы өзгеріс: 07.03.2023 Файл өлшемі: 29.50 KB

Психологиялық тренинг Қарап шығу Көшіріп алу
Соңғы өзгеріс: 07.03.2023 Файл өлшемі: 33.50 KB

Ата-анаға айтарымыз... Қарап шығу Көшіріп алу
Соңғы өзгеріс: 07.03.2023 Файл өлшемі: 29.50 KB

Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі Қарап шығу Көшіріп алу
Соңғы өзгеріс: 07.03.2023 Файл өлшемі: 396.50 KB

Отбасы балаларды қауіпті мінез-құлық модельдерінен сақтай ала ма Қарап шығу Көшіріп алу
Соңғы өзгеріс: 07.03.2023 Файл өлшемі: 481.50 KB

Ата-анаға жаднама Қарап шығу Көшіріп алу
Соңғы өзгеріс: 07.03.2023 Файл өлшемі: 25.50 KB

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1