Меню KDT
МЕНЮ
Мектеп формасы

Астана қаласы әкімдігінің “К.Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясы” ШЖҚ МКК

мектеп формасы туралы бұйрығы

 АҚПАРАТ

Мектеп формасына қойылған талаптар ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2016 жылығы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес: барлық білім беру ұйымдарында оқушылар үшін бірыңғай қою көк түсті мектеп формасына көшу енгізілді. 

Мектеп формасының түсі – қою көк. 

Форма классикалық стильде сақталады.

Ұл балаларға арналған мектеп формасы:

Пиджак, жилет, шалбар, ақ түсті салтанатты  көйлек, күнделікті ақ көйлек 

(суық мезгілде: тоқылған жилет, ақ водолазка). 

Ұл балалардың шалбары кең пішілген және ұзындығы бойынша аяқтың сирақтарын жауып тұруы тиіс. 

Ұсынылатын  ең аз жиынтық:   көйлек, жилет, шалбар.

Қыз балаларға арналған мектеп формасы:

Пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық ақ блузка, сарафан 

(суық мезгілде: тоқылған жилет, ақ водолазка).  Қыз балалардың шалбары кең пішілген және ұзындығы бойынша аяқтың сирақтарын жауып тұруы тиіс

Қыз балалардың белдемшесі ұзындығы  кеңсе үлгісінде, тізеден 5 см жоғары болмауы тиіс



Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1