Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

Отбасылық спорттық сайыс

  Адам денсаулығының қымбаттылығын, оқушылар мен ата - аналарға спортпен айналысудың қажет екендігінің маңызын түсіндіру мақсатында ақпанның 15 жұлдызында отбасылық "Әкем, шешем және мен" сайысы өткізілді. Сайысқа 3 сыныптар бойынша бес отбасы қатысты. Отбасылардың атсалысуымен өткен іс - шараның тәрбиелік маңызы зор болды. Спорттық сайысқа оқушылардың ғана емес ата - аналардың да оң көзқарасының қалыптасуына ықпал етті. Спорт зал мерекелік безендіріліп, жанкүйерлерге лық толды. 12 тур бойынша өткізілген сайыс қорытындысы бойынша: "Қыран" тобы - 1 орын /3 "Ғ" сыныбы/, "Тұлпар" тобы - 2 орын /3 "Г" сыныбы/, "Арлан" - 3 орын /3 "Б" сыныбы/ алды.  

   Сайысқа қатысқан әр топ өздерінің жылдамдықтары, ептіліктері арқылы шыныққан отбасы екендіктерін дәлелдеді.

Салауатты демалыс өткізіп, отбасылық сайысқа түскен әр отбасына алғысымызды білдіреміз!


Оқушылардың өзін - өзі басқару ұйымының спорт және ата - аналар министрлігі
  
19.02

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1