Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

«Жұлдызды жауын» шеруі

  «Оқыса бала сұңқар болар, Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болар» деп Нармамбет ақын жырлағандай бүгін зияткерлік сайыстарындағы өз жүйріктеріміздің жұлдызы жарқыраған күн. 17 мамыр күні №69 мектеп-гимназиясында  дәстүрге айналған «Жұлдызды жауын» мерекесі өтті.
  2013/2014 оқу жылында республикалық, қалалық, аудандық деңгейде білім, өнер, спорттық сайыстарда жүлделі орын алған 96 оқушы жұлдызды шеруге қатысты. Салтанатқа келген ата-аналарға, балаларға берген өнегелі тәрбиесі үшін мектеп-гимназия директоры О.Ж. Конкабаев «Алғыс хат» тапсырды. Ата-аналар өз балаларының қолымен жасалып, ұйымдастырылған көрмеден «Ғылым күніне» арналған жобалар және қол өнер заттарымен  танысып, өз ризашылықтарын білдірді.


                  

                  

                  

                  

                  

                  

                  
20.05

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1