
«Қарттарым – асыл қазынам»
80 жылдар соңынан бастап бүкіләлемдік болып аталып өтілетін ,қарттар мерекесі қарсаңында мектепте «Қарттарым қадірлеген ел ардақты» , «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» тәрбие сағаттары, мектеп кітапханасында 9 сыныптар арасында «Қарттар ғұмырын құрмет ұзартады» тақырыбында пікір алмасу ұйымдастырылады. 8 «A» сынып оқушыларының қатысуымен «Қарттарға құрмет» атты кездесу кешін ұйымдастырған сынып жетекшісі Ж.Б.Торғанбаева: «Мақсатым үлкенді сыйлау, құрмет көрсету, үлгі –өнеге тұтуға оқушыларға баулу болды» -, дейді. Кездесу кешіне шағын ауданның 2 зейнеткері қатысты. Көп жылдар ұстаздық еткен, ағарту ісінің үздігі Т. Бөлешова өзінің қиында, қызықты өмір жолы туралы айтып берді. Қарттар күні ұйымдастырылған іс-шара оқушыларға үлкен тәрбие берері сөзсіз.
02.10