
Мектепішілік олимпиада
Дарынды балаларды анықтап мектепте олимпиада резервін құру мақсатында мектепішілік олимпиада өтті. Олимпиадаға 336 оқушы жалпы білімдік пәндер бойынша өз білімдерін сынады. Олимпиада тапсырмалары «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының тапсырмалар жинағынан алынды. Олимпиада комиссиясының шешімі бойынша 42 оқушы аудандық олимпиадаға жолдама алды.
03.11