Меню KDT
МЕНЮ
Недостаточно полномочий

«Lesson Study тәсілін қолдану арқылы оқу үдерісін жетілдіру» тақырыбында семинар болып өтті


«Lesson  Study  тәсілін қолдану арқылы оқу үдерісін жетілдіру»  тақырыбында   семинар болып өтті.
Мақсаты: Жаңартылған  мазмұн бойынша оқу-әдістемелік  кешенді апробациялау іс-тәжірибесі.   Семинарға қала мектептерінен  98 мұғалім қатысып,  пилоттық мектептің  іс-тәжірибесімен танысты.  2015/2016 оқу жылында қабылданған  бірінші сыныптарының  тоғызы қазақ,  екеуі  орыс   тілінде  білім алуда.
  Бірінші сыныптардың  бесеуі -  «Назарбаев Зияткерлік мектебі», үшеуі  –«Атамұра»,  үшеуі «Алматы кітап» баспалары бойынша оқулықтарды апробациядан өткізуде. Мұғалімдер осы баспалар бойынша  оқу-әдістемелік кешенмен толық қамтамасыз етілген. Семинар барысында « Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұндағы оқу-әдістемелік кешенді апробациялау» тақырыбында директордың м.а. Х.И.Адамова  баяндама жасап, пилоттық мектептегі істелген жұмыстар  туралы толық мәлімет  берді. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу бөлімінің әдіскері Д.М.Турарбеков «Lesson Study: қолдану тәсілдері» тақырыбында семинардың практикалық бөліміне теориялық толық мәлімет берді. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының аға ғылыми қызметкерлерлері: Г.Ж.Сейсенгалиева,  Б.М.Жумабекова, С.К.Исмагулова, М.Ж.Жусупов және 12 жылдық білім беру жүйесін қолдау және ағылшын тілі орталығы директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі  орынбасары  Н.К. Әзімбай семинарға қатысқан мұғалімдермен  білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша пікір алмасты. Семинардың  тәжірибелік бөлімінде қатысушылар 5 топқа бөлініп, пилоттық сыныптардағы  Lesson  Study  - зерделеу сабағына  қатысып,  хронологиялық, отырғызу, транскрипция тәсілдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды.







28.11

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1