Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

Жастар парақорлыққа қарсы

2015 жылдың 8 желтоқсан күні № 69 мектеп –гимназиясының 11 –сынып оқушылары арасында  «Қоррупцияға қарсы күрес: Жастар парақорлыққа қарсы күресе ала ма?» деген тақырыпта пікірсайыс өткізілді. Жоғарғы сынып оқушылары Елбасымыздың Қазақстан халқы алдына ұсынған «Жүз нақты қадамының» ішіндегі бес концептулды реформалары жайлы айта отырып,елімізде енгізіліп жатқан жаңалықтарға тоқталып өтті. Пікірсайысқа 11 сынып оқушылары екі команда құрып қатысты. Жеребе тарту нәтижесінде «Алаш» тобы жақтау позизиясында болса, «Нави» тобы қарсы пікір айтушы, оппозициялық көзқарасты жақтаушылар болды. Екі команданың спикерлері де өз аргументтерін келтіріп, өз көзқарастарын жақтап қалуға тырысты.Қоғамда кездесетін келеңсіз жағдайлардың бетін ашып,олармен күресу жолдарын ұсынды. Жалпы пікір бойынша қоғамдық дертке айналып отырған парақорлыққа қарсы күресте жастардың белсенділігі маңызды екендігі айтылды. Коррупцияның қоғамға қарсы жасалған қылмыс екендігі аталып өтілді.Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресудің бір амалы ретінде мектеп бағдарламасына енгізілетін «Антикоррупция» сабағының мектеп оқушыларының коррупцияғақарсы күресінде белгілі бір орын алатыны аталып өтті.Тартысты әрі қызықты өткен пікірсайыс оқушыларға көп ой салғаны сөзссіз.












08.12

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1