
Елбасы күні – елдікке құрмет!
«Елбасы күні – елдікке құрмет» мерекесі аясында 10 сыныптардың ер балалары (50 оқушы) 7 желтоқсан күні АӘД мұғалімі Сансызбайұлы Сұлтанның бастауымен Астана қаласының маңындағы әскери бөлімге экскурсияға барды. Саяхаттың мақсаты болашақ отанқорғаушылардың жүрегінде патриоттық сезімді ояту, әр кәмелетке толған ер баланың Отан алдындағы борышын абыройлы өтей білуге шақыру, әскери мамандығына қызығушылықты арттыру. Бозбалалар әскери техника түрлерімен, заманауи қару түрлерімен, әскерилердің түрлі киім нұсқаларымен танысты және өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Бұл саяхатта ұлдар әскери қызмет туралы мол мағлұмат алды.




21.12



