
Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім
Желтоқсанның 14 күні «Тәуелсіздік күніне» байланысты оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету және оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында 1-11 сыныптарда ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Барлық сынып кабинеттері тақырыпқа сай көрнекіліктермен безендірілді. Ашық тәрбие сағаттарын сынып жетекшілер замануи әдіс–тәсілдерді қолданып өткізді. Тәрбиелік мәні зор сабақтарға директордың орынбасарлары қатысып, өз ой-пікірлерін білдірді.


15.12

