Желтоқсанның ызғарлы жеңісі
14 желтоқсан күні от жүректі, өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсету мақсатында тарих пәні мұғалімі Даулеева Гүлсім мен қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Нурышева Фарида әдеби – тарихи кеш өткізді. Кеш қонақтары 7-9 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері,пән мұғалімдері.
9 «Ғ» сынып оқушылары – бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын – сағатта, дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегін сахналық көрініс ретінде көрсетті. Ұрпақтан-ұрпаққа мәңгі үлгі болып қала беретін қайсар боздақтарға арналған Салықов Азаматтың өзі шығарған өлеңі көпшіліктің көздеріне жас үйірді.Әсерлі өткен іс – шараның өскелең ұрпақ үшін маңызы зор екені сөзсіз.

15.12