
«Біз – Ұлы Дала ұрпағымыз!» мерекелік іс – шара
Желтоқсанның 15 күні бабалар аңсаған тәуелсіздікке жету жолында бізге мұраға қалған Ұлы Даламыздың жылдар бойы халқымызға қасірет әкелген оқиғаларға толы болғанын оқушыларға насихаттау мақсатында «Біз – Ұлы Дала ұрпағымыз!» атты мерекелік кеш өткізілді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Бізге бабалар тұлпарының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым орынды мақтан ететін болады», - деген сөзі кештің негізгі идеясына айналды. Тағы бір ерекшелігі – ат жалында күн кешкен алаш жұртының көрген қаһармандық дәуірі бейнеролик ретінде көрсетіліп тұрды және VІІІ ғасырдағы Күлтегін заманынан бастап, осы кезеңге дейінгі уақыттарды кезең – кезеңімен 10-сынып оқушылары сахналық қойылым ретінде сомдады. Ауқымды іс – шараға 9-11 сынып оқушылары мен ұстаздар қатыстырылды. Мерекелік кешті ашу үшін директордың міндетін атқарушы - Адамова Хатира Идирисовна сөз алып, оқушылар мен ұстаздарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, дәстүр бойынша ұстаздардың еңбегін бағалап, мақтау қағаздарымен марапаттады.







21.12






