
Экстремистік топтардың рухани қауіпсіздігі және олардың қоғамға қауіпі
2016 жылдың 26 қаңтары күні мектебімізде ислам дініне жат деструктивті түрлі ағымдардың алдын алу мақсатында арнайы дін саласы мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Іс–шараға 8-11 сынып оқушылары қамтылды. Қатысқандар саны 384 оқушы болды. Дін проблемаларын зерттеу орталығы маманы Айбасова Арайлым дін саласының өзекті мәселелеріне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Әзірет Сұлтан мешітінің ұстазы Абдиралиев Фархат «иман» және «имандылық» ұғымдарына діни тұрғыда анықтама бере отырып, оқушыларға үлкен ой салды. Сөз арасында халқымыздың салт – дәстүрі имандылықтың негізгі тірегінің бірі екенін, жастарды адастырмай айқын жолға салатын имандылық қасиет екенін баса айтты. Соңында оқушыларды толғандырған көкейкесті сұрақтарына жауап берді.