Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

«Жасыл экономика» атты суреттер, макеттер сайысы

Ақпанның 20-25 аралығында, күнделікті өмірде ғылымның жаңа жетістіктерін қабылдай біліп, қолдана білуге үйрету мақсатында «Еңбек, экономика және экология» бағытына сәйкес «Жасыл экономика» атты суреттер, макеттер сайысы өткізілді. ӨӨБҰ – ның ұйымдастыруымен өткізілген іс –шараға 5 – 9 сынып оқушылары белсене қатысты.

Сайыстың шарттары «Жасыл экономиканы дамытудың 7 бағытына» сәйкес жоспарланды.

І бағыт – жаңартылған энергия көздерін енгізу.

ІІ бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.

ІІІ бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы.

ІҮ бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру.

Ү бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру.

ҮІ бағыт –«таза» көлікті дамыту.

ҮІІ бағыт –экожүйелерді сақтау және тиімді басқару.

Мектеп дәлізіне «EXPO – 2017» көрмесі ұйымдастырылып,  оқушылардың жұмыстары қойылды. Көптеген оқушылар қызығушылық танытып, өз жұмыстарына баға берді.Ең үздік макет жасаған сыныптар мен сынып жетекшілер дипломдармен марапатталды. Ерекше талапқа сай жасалынған және ғылыми тұрғыда анықтама бере білген 9 «А» сынып оқушылары І дәрежелі, 6 «А» сынып оқушылары ІІ дәрежелі дипломдарынаие болды.



















26.02

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1