Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

Бұрымды қыз – 2016

Қазақ қызына тән мінез – құлықты дәріптеу арқылы салт – дәстүрімізге құрметпен қарауға тәрбиелеу және мектебіміздегі  шашы ұзын қыздарды анықтау мақсатында 25 ақпан күні 5-7 сыныптар арасында бұрымды қыздар байқауы өтті.

Байқау шарттары:

  1. Өзін – өзі таныстыру (өз қалауымен)
  2. Жарнама (шаш күтуге байланысты бұйымдарды жарнамалау, бейнеролик дайындау)
  3. Үй тапсырмасы (5 фотосурет  шаш үлгісіне байланысты. Фотосуретте қатысушының өзі болу керек)
  4. Жағдаят (сұрақтардан сүрінбей өту)
  5. Шашы ұзын қыздарды анықтау (шаш ұзындығына қарау)
  6. «Шолпысы әсем жарасып белге» (ұлттық киім кию шарт, қатысушының сахнада өзін ұстауы және жүріс – тұрысын сараптау)

Жан сұлулығы мен тән сұлулығын үйлестіре білген және байқау талаптарынан сүрінбей жеңіске жеткен қыздарымыз «бас жүлде», І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды.  Нәтижесінде 2016 жылдың «Бұрымды қызы» 5 «Д» сынып оқушысы атанды. Жеңіске жеткен қыздарға әкімшілік атынан сыйлық ретінде  «Faberlic» компаниясының шашқа арналған сусабындары мен бальзамдары берілді.














29.02

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1