
«Мамандықтар әлемі» кәсіби бағдар беру
4 наурыз күні мектебімізде директордың тәрбие ісі меңгерушісі Сандуғаш Әмірбекқызының басшылығымен кәсіптік бағдар беру мақсатында «Ашық есік» күні жарияланды. Ұйымдастырылған іс – шараға Астана қаласындағы барлық арнаулы білім беретін оқу орындарының арнайы өкілдері шақырылды және сонымен қоса 9 – 10 сынып оқушылары және ата –аналары қамтылды.
Шақырылған колледждер:
- Құрылыс – техникалық колледжі
- Энергетика және байланыс колледжі
- Кәсіби – техникалық колледж
- Көпбейінді колледж
- Гуманитарлық колледж
- Политехникалық колледж
- Көлік және коммуникациялық колледжі МКҚК
- Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі
- «Медициналық колледж» МҚКК
- Техникалық колледж
Алдымен Сандуғаш Әмірбекқызы сөз алып: Мамандық таңдауда ең алдымен адам өзінің қандай нәрсеге бейімді екенін өзі танып білуі тиіс. Алайда, қазіргі заман ағымына сай көпсалалы мамандықтар арасынан таңдау жасау қиындық туғызады. Сондықтан мамандық туралы түсінік беру, мамандық таңдауда қолдау көрсету, қыр – сырын меңгерту ұстаздардың басты міндеті екенін және осыған байланысты ұйымдастырылған іс – шараның оқушылар үшін маңызы зор екенін баса айтты. Келген қонақтарға алғысын білдіре отырып, сөз берді.
Әрбір оқу орындарынан келген қонақтар өздерінің білім ордалары туралы, оқытылатын мамандықтары, қойылатын талаптары жайында бейнеролик арқылы көптеген мағлұматтар берді. Оқушылар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алып, ең бастысы кез – келген мамандық жауаркершілікті талап ететінін және болашақ кәсіп иесі болу үшін нақты қадам жасау керек екенін түсінді.
09.03