
«Бикештерге арналады» мерекелік сазды бағдарламасы
Көктемнің алғашқы мерекесі «Халықаралық әйелдер күні» мектебімізде ерекше аталып өтті. Мектептің жоғары сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ер балалар сазды бағдарламасы «Бикештерге арналады» айдарымен болып, мектептің барлық нәзік жандарының жүрегін жаулап алды. Мектеп директоры Жунусова Құсни Қияшқызы барлық нәзік жандарды мерекемен құттықтап, ерен еңбектері үшін марапаттау жасады.
Бағдарлама барысында ер балалар қазақ, орыс, ағылшын, италия және француз тілдерінде әндер салып, биден шашу шашты. Бағдарламаның жүргізушілері Бердібаев Нұрлан, Ерғалиев Нұрлыбек, Ермек Нұрислам, Исаинов Рүстем көрерменнің жүрегінде ерекше із қалдырды. Сонымен қатар мектеп түлектері флешмоб билеп, барлық көрерменді еліктіріп алып қана қоймай, Сыздыков Сұлтан «Анаға арнау» әнімен әсерлі күй кештірді. Бағдарламада Сабиғат Ақжол, Алтаев Әділет, Жандаулет Әділ, Майгүл Бақытжан, Ержан Ерназ,Үзбен Ахмет, Мейрамбек Әділет қоңыр дауыстарымен тамаша ән сыйласа, Нигиматов Ерлан және Испаев Иран жүрекжарды өлең шумақтарын сыйға тартты. Сонымен қатар, «Релакс» КТК тобы үйлесімді әзілмен баршаға көңіл-күй сыйлады.
Іс-шараның қызықты кезеңдерін 10 сынып оқушысы Заула Бақберді суретке түсіріп, экран арқылы көрсетіп отырды. Барлық көрермен тамаша әсермен, мерекелік көңілмен демалды.