
Бала қауіпсіздігі-ел тыныштығы
«Балалар қауіпсіздігі» айлығын өткізу барысында өскелең ұрпақты жолда өзін - өзі ұстау тәртібін меңгеру, кез келген жағдайда абайлап жүруге, көліктің жолын кесіп өтпеу, жүгірмеуге үйрету мақсатында пікірталас, әңгіме, сайыс ойындар жүргізілді. «Жолда жүру» туралы барлық сыныптарда бұрыштар ұйымдастырылып, сынып сағаттары, саптық жиындар өткізілді.
1-7 сынып оқушыларына «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» атты мектеп инспекторы С.Агубаев түсіндіру сабақтарын өткізді. «Жол апаты және оның себептері» атты тақырыптарда ата-аналар жиналысында әр сынып жетекшілері айтып отырды. Сонымен қатар, мектептің дәлізінде ата-аналарға арналған «Балалар қауіпсіздігі» атты ақпараттық бұрышы ұйымдастырылды.