Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Тұңғыш президент күніне арналған «Үздік педагог» және «Үздік сабақ» атты байқау

«Атамекен Қазақстан Картасы»  этно-мемориалдық кешені Астана қаласының білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында Тәуелсіздіктің  25 жылдығы мен Тұңғыш президент күніне арналған «Үздік  педагог» және «Үздік сабақ» атты байқауын өткізуде. Мектеп мұғалімдері аталмыш байқаудың маңыздылығына мән беріп, әртүрлі тақырыпта 21 қараша күні өздерінің шығармашылық шеберліктерін көрсетті.

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Шакирова Р.З.
Информатика пәні мұғалімі Акказина М.Ю.
1.Сабақтың тақырыбы:Ұлтаралық ынтымақтастығындағы Тұңғыш Президенттің рөлі»

Мақсаты:Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең  алғашқы мемлекеттердің бірі  болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.




 2.Бастауыш сынып мұғалімі: Кушербаева Раушан Калкеновна

Тақырыбы:«Тәуелсіздік тірегі, еліміздің жүрегі – Астана!».

Мақсаты:

  • Балаларға  еліміздің  бас қаласы  Астана  туралы  мәлімет  беру, қоршаған  ортаны  тани білу дағдыларын  кеңейту.
  • Тіл байлығын,сөйлеу  қабілеттерін қалыптастыру.
  • Туған еліне, Астана қаласына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.




3.Бастауыш сынып мұғалімі: Абилова Зухра Бакытжановна

Сабақтың тақырыбы: Туған жерім - Атамекен

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың өз Отаны Қазақстан туралы білімдерін кеңейту
  • Ұлттық намыс, ұлттық мінез қалыптастыру. Оқушылардың елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
  • Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу



4. Схаг Ш., Жексенбина  А.Б.,Жумагалиева А.Р., Кереева А.Р. «Тәуелсіздік тұғыры - тіл» Кіріктірілген  (қазақ тілі, әдебиет, ағылшын, орыс тілі)



5. Кусаинов Б.А., Кусаинова Қ.С.

 «Дінаралық қатынаста Тұңғыш Президенттің рөлі»

 Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың Елбасының дінаралық қатынаста сіңірген еңбегінің зор екендігін саналы түрде түсінуі, қазіргі бейбіт өмірдің ұлттар арасындағы татулықтың кепілі екендігін біліп, өткізіліп отырған мектептің кіші саммиті арқылы Елбасының дін мәселесіндегі атқарған жұмыстарының маңызын түсіну, бағалау, өзін сыйлау, құрметтеу арқылы өзгені де сыйлап, құрметтеу дағдыларын дамыту.



28.11

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1