Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

«Адал дос – адамгершілік белгісі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты

27.01.2017 ж.  4 «Ә» сынып жетекшісі Хусман Қырғауыл «Адал дос – адамгершілік белгісі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың достық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, досқа адал, шыншыл болуға үйрету, адал достықты қадірлей білуге тәрбиелеу. Жоспарланған сынып сағатының міндеттері мен құрастырылған тапсырмалары оқушылардың жас ерекшелігіне негізделген. Психологиялық ахуал бірден ұйымдастыру барысында орнады. Негізгі бөлімде мұғалімнің кіріспе сөзі, достық туралы ойларын жинақтауға көмек берді.  «Адал дос» сөзінің мағынасын ашу тапсырмасы сәтті өтті.
  Ыбырай Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесінің желісімен әңгімені бөліп оқып, мағынасын ашып, сурет арқылы суреттеп беру әдісі сәтті өтті. «Сен не істер едің?» атты жағдаяттарда балар әңгімедегі кейіпкерлердің орнында  болса қандай қадамдар жасайтындарын айтты. Өте қызықты жауаптар айтылды. «Сен қандай доссың?» деген сұраққа балалар ойланып дәлелдеп жауап берді.«Адал дос» қандай болу керек?» деген сұраққа жұмыла жауап іздей білді. Арнайы дайындалған суреттер негізінде топтар әсерлі әңгімелер құрастырып оқыды. Түрлі түсті «Алақанға» балалар өз жан досының атын жазып, бес бармағына сол досының асыл қасиеттерін тізіп жазды. Өте сәтті және әсерлі әдіс! Сабақ соңында балалар хормен «Жан досым» әнін әдемі орындады, балалар әннің сөзін біліп отыр, дайындық жүргізілген.
 Жалпы сынып сағатының өткізілу барысында мұғалім өзінің шеберлігін ұтымды пайдалана білді. Сынып сағатының тәрбиелік мәніне көңіл бөлінген. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері орынды қолданылған.









30.01

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1