
«Мейірімділік – адам жүрегін жылытатын күн» атты 7 сынып қыздарына арналған дөңгелек үстел
2017 жылдың 2-13 ақпан аралығында өткен «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндікте «Мейірімділік – адам жүрегін жылытатын күн» атты 7 сынып қыздарына арналған 4 ақпан күні «Өзін – өзі басқару» ұйымы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Мақсаты:
Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Өзін – өзі тану пәні мұғалімі А.Б.Туленова Шәкәрім Құдайбердіұлының сөзімен “Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады”, ниеті таза адам ешкімге қиянат жасамайды деп баяндап, мектеп министрлеріне сөз кезегін берді.
Мектеп президенті Майгул Бақытжан өз баяндамасында «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген екен данышпан халқымыз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты - әдептілік белгісі. Мейірімділік адамдармен, жануарлармен, табиғат пен қарым-қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады десе, мектеп заңгері Таипова Айгерім рухани – адамгершілік тәрбие туралы баяндап, мәдениет министрі Файзолла Айдана қыздар тәрбиесіне тоқталып өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Ғылымбекова қыз тәрбиесі қай уақытта болмасын өзекті тақырыптардың бірі болатындығы, қызға қырық үйден тыйым туралы еркін пікір алмасты. Қыз балалар ойда жүрген сауалдын қойып пікір алмасты. Жиын соңында қыздардан сауалнама алынып, мектеп писхологына табысталды.