
«Бұрымды қыз – 2017 » байқауы
8 ақпан күні мектебімізде Қазақ қызына тән мінез – құлықты дәріптеу және шашы ұзын қыздарды анықтау мақсатында 7-8 сыныптар қыздары арасында ұйымдастырылған «Бұрымды қыз – 2017» мектепішілік байқауы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп,салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеумен қатар ақылды да ажарлы,дарынды да талантты,бұрымды қыздарды елге таныстыру болып табылады. Байқауға 7-8 сыныптан 7 үміткер қыз қатысып, бақ сынасты.
Әділқазылардың ортақ шешіміне байланысты өзінің сұлулығымен, білімділігімен ортаға суырылып шыққан 8 «А» сынып аруы Жұматай Сабина І орынды иеленді. 7 «Г» сыныбының аруы Зейнолла Гүлсая, 7 «Б» сыныбының аруы Курарова Диана, 7 «Ғ» сыныбының аруы Сәрсекеева Аружан ІІ орындарды қанжығаларына байлап, 8«В» сыныбының аруы Таран Дарья, 7 «А» сыныбының аруы Мұсабекова Диляра, 7 «Ә» сыныбының Кеңес Махаббат ІІІ орындарды бөлісті.



16.02


