
«Ұстаз-биік әрі мәңгілік» атты мерекелік кеш
Ұстаз! Ұстаз!
Осы жерде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әл-Фараби,Ыбырай мен Ақаңды,
Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып,-демекші бүгінгі күнгі «Ұлы Ұстаздарымызды» мерекелерімен шын жүректен құттықтау мақсатында мектебімізде «Ұстаз-биік әрі мәңгілік» атты мерекелік кеш өтті. Кештің шымылдығын мектебіміздің директоры - Жунусова Кусни Кияшовна ашты. 11-сынып оқушыларының ұйымдастырған кеші барша ұстаздар қауымының көңілінен шықты.