
«Көшбасшы оқушы» интеллектуалдық сайыс
Еліміздің болашағы білімді, тапқыр, креативті, тапқыр жастардың қолында екендігі даусыз. Осы орайда №69 мектеп-гимназияда 10-11-сынып оқушылары арасында «Көшбасшы оқушы» интеллектуалдық сайысы өткізілді.Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
І тур. «Бәйге» (Мұнда оқушыларға мектеп қабырғасындағы пәндер бойынша сұрақтар қойылады).
ІІ тур. «Интеллектуалдық саяхат» (Жалпы сұрақтар)
ІІІ тур. «Шешендік өнер». (Пікірталас).
Сайысқа оқушылар да, ұстаздар да белсене қатысты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар демекші сайыс жеңімпазы-10 «Ә» сынып оқушысы Файзолла Айдана болды. Айдананың жеңісімен құттықтап, қалалық деңгейде өзінің білімі мен білігін, тапқырлығын, шығармашылығын жан-жақты көрсете алады деген сенім білдіреміз.


02.10

