
«Біз таза қала үшін!»
16.09.17 күні Астана қаласы бойынша тазалық үшін деген тілек екі қолға бір күрек ұстатты. Бірлігі бекем мектеп ұжымы мен оқушылар қауымы бұл іске келгенде жұдырықтай жұмылып, білек сыбана кірісті. Сенбілік 8,9,10-сынып оқушыларының арасында қашықтыққа жүгіруімен жалғасты. Мектепішілік жүгіруден 1,2-орын алған оқушылар қалалық сайысқа жолдама алды. Олар: 11-сынып оқушысы-Орынбасар Айзада, 10-сынып оқушысы-Майгүл Бақытжан, 9-сынып оқушылары - Орынбасар Ұлбала, Мерей Нұрғұландар болды.
18.09