
«Аяулы күз, Алтын күз – 2017» атты күз мерекесі
Қазан айының 14 – күні мектебімізде «Аяулы күз, Алтын күз – 2017 » атты күз мерекесіне арналған бағдарламалық кеш болып өтті. Мақсаты: оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру, тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білугетабиғатты сүюге және де жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып, тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.
Күз мерекесіне мектебіміздің ортаңғы буын 5 – 7 сыныптары мен жоғарғы буын 8 – 11сыныптардың оқушылары атсалысты. Байқаудың негізгі шарттары бойынша әр сынып ханзада мен ханшайымын таныстырып, өз өнерлерін көрсетті. Соңында сыныптық өнер ретінде барлық сынып болып Флеш – моб биледі.
.jpg)
20.09
.jpg)