
Қызықты демалыс
Астана қаласы тарих пәні мұғалімдері 4 қараша күні жалпы мектептерден 50-ге тарта оқушыларды бастап Қарағанды еңбекпен түзету лагеріне (КарЛаг) саяхатқа барып қайтты. Саяхатқа мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Караров Асылбек Максутбекович және 5-сынып оқушылары барды. Лагерьде арнайы экскурсия ұйымдастырып, оқушылар музейдің, оның әрбір жәдігерінің сыр бүккен тарихын біліп қайтты. Еліміздің осындай қиындықтардан өтіп, қол жеткізген тәуелсіздікті мақтан тұтуға болатыны жөнінде пікір қалыптасты. Болашақта осындай тарихи орындарға көптеп бару керек екендерін балалар жарыса айтып, өздері алып келген көптеген қызықты мәліметтерімен басқалармен бөлісті.

09.11
