Баскетбол сайысы
20 қараша мен 14 қаңтар аралығында Есіл ауданы әкімдігі мен спорт бөлімінің ұйымдастыруымен баскетболдан қала біріншілігі өтті. Мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, ауданда баскетбол спорт түрін дамытып, спортшылардың бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайту.
Жарысқа қала мектептері қатысып, өзара бақ сынасты. Шараның жабылу кезеңінде ұйымдастырушылар сайыстың өз деңгейінде өткенін айтып, жеңімпаз командаларды марапаттады. Жарыс қорытындысы бойынша мектебіміздің ұлдар командасы да, қыздар командасы да жүлделі бірінші орынды иеленіп, жеңіске жетті. Мектеп командаларын және жаттықтырушылары Кантеев Галым Алькенович пен Який Бірланды құттықтаймыз.


17.01