Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

Діни сауатсыздық-діни экстремизмнің бастауы

2018 жыл ақпан айының 2 жұлдызында мектебіміздің 10-11-сынып оқушылары және мектеп ұстаздарының қатысуымен «Кереғар діни ағымдардан сақтану» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуді Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері лейтенант Е.Солтанбеков өткізді. Оқушыларға жалпы дін дегеніміз не, секта, экстремизм, терроризм деген ұғымдарға түсініктер берілді. Дәстүрлі емес діни ағымдар жайында, олардың жұмыс жасау кеңістіктері жайында сөз қозғалды. Мұсылман діні басқа да дәстүрлі әлемдік діндер сияқты адамдарды тек жақсылық жасауға шақыратын дін болып табылатындығы туралы кеңінен сөз болды. Жастарға өнегелі сөздер айтылды. Кездесу соңында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар берілді.  




02.02

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1