Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

Ел жүрегі – Астана

Биыл Астананың еліміздің ордасы болып жарияланғанына – 20 жыл. Тарих үшін бұл аса көп уақыт емес. Дегенмен осы аралықта еліміздің бас қаласы биік белесті бағындырды. Еліміздің жүрегі іспеттес шаһардың «туған күніне» орай мектебімізде сегізінші ақпан күні «Ел жүрегі – Астана» атты мерекелік кеш өтті. Кеш қонақтары «Нұр Отан» партиясы мүшесі PjD докторанты Олжас Түсіпбекұлы, «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы Есіл аудандық филиалының кеңесшісі Ерлан Еркінұлы Ахмеди, «Ұлттық Ұлан» үрмелі аспаптар оркестрі оқушылар мен мектеп әкімшілігін құттықтап өздерінің жүрек жарды тілектерін білдірді. Кеште шырқалған әндер таңдай қақтырса, мың бұралған биші қыздардың өнеріне сүйсінбей қарасамқа болмады. Кеш соңында «Нұр Отан» партиясы филиалының кеңесшісі Ерлан Ахмеди мектебіміздің директоры К.К.Жунусованы мерекемен құттықтай отырып, алғыс хат табыс етті.







09.02

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1