Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы

“Жастар – болашаққа апаратын алтын көпір”,- дейді дана халқымыз. Осы орайда 12 ақпан «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында айтыскер ақындармен кездесу өтті. Іс-шараға халқымыздың  бойынан қазақы иіс аңқыған ақын Балғынбек Имашев және жас та болса айтары бар жас ақындар Жандарбек Бұлғақов пен Мейіржан Әлібектер келді. Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауап алып, ақындардың қызықты естеліктерін тыңдады. Іс-шараға белсенді атсалысқан оқушылардың қазақтың төл өнеріне деген асқан қызығушылығы мен ұлттық өнердің бүгінгі беталысына деген алаңдаушылығын анық байқауға болады. Тағылымды кеште ақындардың өлеңдерінен үзінділер оқылса, оқушылар да өз кезегінде өнерден құралақан еместіктерін көрсетіп, жас ақындар жырдан шашу шашты.










13.02

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1