
ҰБТ-2018
Биылғы 2017-2018 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ны жаңа форматта тапсырады. Осы бойынша 2018 жылдың 13 сәуірінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ағымдағы жылғы мектеп бітірушілері мен ата-аналарының қатысуымен мектебіміздің мәжіліс залында жиналыс өткізілді. Жиналысты мектеп әкімшілігі өткізіп, ата-аналар мен оқушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап беріп, «Алтын белгі» үміткерлерінің де басқа оқушылармен тең дәрежеде ҰБТ тапсыратынын ескертті. Сөз соңында мектеп әкімшілігі түлектерге ақ жол, сәт-сапар тіледі.


16.04

