
«Сыңғырла, соңғы қоңырау...»
«Қош, қош бол мектебім
Бал дәурен күндерім.
Таңындай көктемнің,
Өтіпті сенде күн…» – деп 25 мамырда мектеп түлектерінің баршасы бала шақтан болашаққа жолдама алып, алтын ұя-мектеппен қоштасып «Соңғы қоңырау» соқты.
Мектебіміздің түлектеріне арналған салтанатты «Соңғы қоңырау» жиыны кейінгі жылдары қалыптасқан дәстүр бойынша өткізілді. Салтанатты жиынға қала мектептерінің түлектері, ұстаздар қауымы, ата-аналар, бір сөзбен айтқанда қалың жұртшылық қатысты. Түлектерді құттықтап, салтанатты шараға куә болмаққа келген басшылық тобы бір төбе. Бітіруші түлектер де өздерінің жүрекжарды тілектерін жеткізді.