
«ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол!» республикалық конференция
2018 жылдың 13 және 14 қазанында №69 мектеп-гимназияда Отбасылық тәрбиелеу институтының қолдауымен 2,3,4 және 8-9 сынып ата –аналарына арналған «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана:Өз балаңа үлгі бол!» республикалық конференция өтті. Конференцияға жалпы 507 ата – ана, 48 ұстаз қауымы мен спикерлер қатысты. Конференция спикерлері, жоғары санатты педагогтар: Толеубай Шынаржан Смагуловна және Серикова Бибігүл Тулегеновна жүргізді.
Спикерлер ата - аналарға көптеген құнды ақпараттар берілді, бейнебаян көрсетілді, анкета таратылды. Конференция соңында ата- аналардың сауалдарына спикерлер жауап берді. Конференцияға қатысқан ата – аналар жылы лебізін білдірді.