Отбасы-алтын діңгек
Жас ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 20 қазан күні отбасылық «Толағай» сайысы болды. Бұл сайысқа 7 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты. Барлығы қатысқан 5 команда, олардың ішінде 7 «а» сыныбынан «Барыс», 7 «Б» сыныбынан «Жүйріктер»,7 «В» сыныбынан «Динамит», 7 «Е» сыныбынан «Сұңқар», 7 «Д» сыныбынан«Сильная семья» отбасылық командалары белсенділікпен қатысты. Тек қатыспаған 7«Ә»,7«Г»,7«Ғ» сыныптары. Жарысқа 7 «А» сынып оқушылары сынып жетекшісінің ұйымдастыруымен өте жақсы дайындалып келген. Сайыс барысында ептілік, жүйріктік пен бірлік көрсеткен отбасы жақсы жетістікке қол жеткізді.
Отбасылық жарыс өте қызықты және тартысты өтті. Бұл жарыста 3-орынға 7 «Д» және 7 «Е» сынып командалары ие болды, ал 2 орынды 7 «Б» мен 6 «Д» сынып командалары ие болса, 1 орынды 7 «А» сыныбының «Барыс» атты командасы ие болды. Барлық жеңімпаздар дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

22.10